Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жоғалған 17 жастағы қыз Алматыдан табылды

Қызылордада жоғалып кеткен 17 жастағы қыз Алматыдан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 жастағы жасөспірім қыздың белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағандығы жөнінде 25 наурыз хабарлама тіркелген болатын. Полиция қызметкерлері мен туыстары бірігіп іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, жасөспірімнің Алматы қаласында екені анықталды. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері кәмелеттік жасқа толмаған қызды ата-анасына табыстау үшін Алматы қаласына іссапарға жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру