Алматы облысында «Пробация» іс-шарасы қорытындыланды
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде «Пробация» республикалық алдын алу іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың наурыз айында республика аумағында «Пробация» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді.
Алматы облысында бүгінгі күні пробация қызметінде 3 133 сотталған есепте тұр. «Пробация» РАІШ өткізу кезінде қызметкерлер 95 бұзушылықты анықтады. Бақылаудан жалтарғаны үшін іздеуде жүрген үш адам ұсталды.
– Жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шараның қорытындысы бойынша жергілікті соттарға жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселелерді шешу үшін 29 адамға қатысты және мерзімді ұзартуға төрт материал жіберілді. Мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі, – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.