Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтар ІІМ Қостанай академиясы қызметкерінің атынан жоқ тауарларды сатқан

Алаяқтар ІІМ Қостанай академиясы қызметкерінің атынан жоқ тауарларды сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл алаяқтар полиция мен әскери құжаттарды қолданып, адамдарды алдаған алғашқы жағдай емес.

Қаскүнемдер өздерін Тараз қаласынан келген әріптестері ретінде таныстырып, полиция қызметкерінің қызметтік куәлігін алдап алған. Ерболат Қайнар жағдайды түсінуге тырысып, еш ойланбастан “әріптестеріне” сұраған ақпаратты ұсынған.

Бірнеше сағаттан кейін OLX платформасында Қостанай полицейінің мәліметтері бар элиталық жиһаздарды төмен бағамен сату туралы хабарландыру жарияланды. Алаяқтар Қазақстанның кез келген қаласына тегін жеткізуге уәде берген. Сенген азаматтар жалған сатушыларға жиһаз үшін 30 мыңнан бір млн теңгеге дейін алдын ала жарты немесе толық соманы аударған.

Ақша аударымына күмәнданғандарға алаяқтар полиция қызметкерінің куәлігін жіберіп, мәміленің маңыздылығын растаған.

– Маған түрлі қалалардан адамдар қоңырау шалып, өз тауарларын беруді талап ете бастады. Барлығы менің атымнан жиһаз сатады деп мәлімдеді. Істің мән-жайы анықталғаннан кейін бұл алаяқтар екені белгілі болды. Мен дереу Қостанай қаласы ПБ оңтүстік полиция бөліміне жүгіндім, онда қылмыстық іс қозғалды. Бүгін мен көпшілікке және әлеуметтік желілерге менің құжаттарымның фотосуреттерін алаяқтар қолданатындығы және адамдарды алдайтыны туралы ақпаратты барынша таратамын. Олардың қулықтарына түсіп қалмаңыздар, – дейді Е. Қайнар.

Полиция қызметкерінің қызметтік куәлігі алынды және ол жарамсыз, ал жеке куәлігі ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру