Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтан колониясына ер адам гашишті қаймаққа салып өткізбек болды

Нұр-Сұлтан колониясына ер адам гашишті қаймаққа салып өткізбек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы ЕЦ-166/10 мекемесінің қызметкерлері сотталғандардың қолдануына тыйым салынған затты айла-амалмен жеткізілуіне тағы да тосқауыл қойды.

– Алынған жедел ақпарат негізінде мекеме аумағында орналасқан өндірісте жұмыс істеген Н. есімді азаматты тексеру барысында PRESIDENT қаймағынан сұр-жасыл түсті зат табылған, тәркіленген зат дереу зерттеуге жіберілді. Сараптамаға сәйкес, бұл зат салмағы 4,29 грамм гашиш болып шықты. Н. есімді адамнан жауап алу барысында сотталушы одан осы контейнерді әкелуді өтінгені анықталды. Алайда мекеменің жедел қызметкерлері мекеме аумағына есірткі заттарын әкелмек болғаны туралы ақпарат алып, бұл фактіге тосқауыл қойған. Қазіргі уақытта колонияға есірткі жеткізуге қатысқан барлық қатысушылардың бет-әлпетін анықтау жұмыстары жүргізілуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп түсіндірді ЕЦ-166/10 мекеме басшысының жедел-режимдік жұмыс жөніндегі орынбасары Нұрсұлтан Айтбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру