Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада сотталғандармен психологиялық тренинг өткізілді

Елордада сотталғандармен психологиялық тренинг өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басында кестеге сай әзірленген бағдарламада сотталғанды ​​босатуға психологиялық дайындау қарастырылған. Психолог сотталғанды ​​жаңа жағдайда одан әрі өмір сүруге дайындайды, нақты қиындықтар, туыстарымен, достарымен, көршілерімен, қылмыс құрбандарымен, олардың туыстарымен қарым-қатынаста болуы мүмкін проблемалар туралы әңгімелер жүргізеді.

Елордалық колониядағы ЕЦ-166/10 мекемесінде психолог бостандыққа шығу мерзіміне кемінде алты ай қалған, оның ішінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған сотталғандармен "Өзіңе деген сенімділік" тренингін өткізді.

- Бұл шарада басты мақсат - дұрыс мінез-құлық дағдыларын үйретіп, өзіңе деген сенімділіктің мәнін түсіндіру . Бұл жаттығу психокоррекциялық топтың қатысушыларына сенімділікті белгісіздік пен агрессивтіліктен ажыратуға ықпал етеді. Бұл тренингтің сотталғандардың өмірлік жағдайында көмектесетініне сенгім келеді, - деді Нұр-Сұлтан қаласының Е-166/10 мекемесінің психологы Зәуре Мусина.

- Біз басшылар ретінде сотталғандар үшін режимді бұзудың, қайталанатын қылмыстардың алдын алуға бағытталған жедел қауіпсіздік қызметіне баса назар аударамыз. Біздің мекеменің психологтары сотталғандардың мінез-құлқын түзетуге елеулі үлес қосқанын атап өткім келеді, олардың жұмысының арқасында біз сотталғандар тарапынан жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзу фактілерін айтарлықтай азайтуға, сондай-ақ басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға қол жеткіздік, – деп атап өтті мекеме басшысының міндетін атқарушы Нұрғали Әжіханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру