Өскеменде менеджер өзіне сеніп тапсырылған ақшаны талан-таражға салған
Өскеменде менеджер өзіне сеніп тапсырылған ақшаны талан-таражға салған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемен қалалық ПБ Солжағалау ПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы кәсіпкері өтініш білдірді. Жәбірленуші оның қызметкері менеджер лауазымын пайдаланып, өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жалпы сомасы 1,6 млн теңгеден астам ақшаны жымқыруға жол бергенін хабарлаған.
Тексеру кезінде Солжағалау ПБ тергеу-жедел тобының қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Белгілі болғандай, 28 жастағы жергілікті тұрғын кәсіпкердің қоластында бір жыл жұмыс істеген. Күдікті кінәсін мойындап, өкінішін білдірді.
Аталған факті бойынша әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.