Петропавлда жыл басынан бері алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 1 444 фактісі анықталды
Петропавлда жыл басынан бері алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 1 444 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Учаскелік полиция инспекторлары есептегі және профилактикалық есепте тұрған адамдардың арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеу мақсатында тексеру жұмыстарын жалғастыруда.
Жуырда петропавлдық учаскелік полиция инспекторлары Назарбаев көшесі бойындағы жатақханалардың бірінде тексеріс жүргізді. Негізгі себеп – тыныштықты бұзу және басқа да бұзушылықтар туралы қоңыраулардың жиі келіп түсуі. Бұрын сотты болғандар, отбасылық жанжалқорлар, спирттік ішімдіктерді асыра пайдаланатын адамдар полиция қызметкерлері есік ашқан әр отбасында болып, олардың жағдайымен танысты, профилактикалық әңгімелер жүргізді. Учаскелік полиция пункті инспекторларының байланыс нөмерлерін қалдырды.
– Қабаттардың бірінде бетінде төбелестің ізі бар масаң күйдегі ер адамды байқады. Нәтижесінде, ер адам және жатахананың тағы да бірнеше тұрғыны мән-жайды анықтау үшін полиция пунктіне жеткізілді.Есепте тұрғандардың арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысы жергілікті полиция қызметінің ерекше бақылауында. Қала аумағында республикалық және облыстық «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шаралары, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы зорлық-зомбылықтан қорғау желісі бойынша іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Жыл басынан бері Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері 18 мыңға жуық түрлі әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның 1 444-і алкогольге қарсы заңнаманы бұзу, 420-сы ұсақ бұзақылық, 25-і қорғау ұйғарымын бұзу, сондай-ақ 13-і әкімшілік қадағалау тәртібін бұзу фактілері, – деп хабарлайды Петропавл қаласы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садулов.
Есептегі және бұрын сотты болған тұлғалар тарапынан бұзушылықтарды ескерту бойынша жұмыс учаскелік полиция инспекторларымен апта сайын жүргізіледі.