Балқашта зейнеткердің телефонын тартып алған ер адам ұсталды
Балқашта зейнеткердің телефонын тартып алған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 сәуірде Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне шағын аудандардың бірінде тонау орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.
72 жастағы жәбірленуші ер адам көпқабатты үйдің ауласында болғанын және телефонмен сөйлескенін айтты. Кенеттен зейнеткерге белгісіз біреу жүгіріп келіп, телефонды алып, қашып кеткен. Шығын мөлшері 140 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 36 жастағы күдікті ер адамды анықтап, ұстады.Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдеме алынды.
Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.