Теміртауда ер адам бұрынғы жұмыс берушісінің жабдығын ұрлап кетті
Теміртауда ер адам бұрынғы жұмыс берушісінің жабдығын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 сәуірде Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ ескі қалалық полиция бөліміне 62 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Ол ара шаруашылығымен айналысатынын және белгісіз адам ара өсіруге арналған жабдықты ұрлап кеткенін айтты. Шығын мөлшері 240 мың теңгені құрады.
Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні 66 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін толық мойындады. Ұсталған азаматтың бұрын жәбірленушінің қол астында жұмыс істегені белгілі болды.
Содан кейін ол жұмыстан шығып, бұрынғы жұмыс берушіні ашуландыру үшін басқа омарташыға сату үшін арнайы жабдықты ұрлап кеткен. Заттай дәлелдемелер алынды.
Аталған дерекке байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.