Ақтөбе облысында үш айда 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді
Ақтөбе облысында үш айда 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан Ақтөбе облысының аумағында 100-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 150-ге жуық адам түрлі жарақат алып, 17 адам қаза тапты.
Сонымен қатар, жыл басынан бері полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілері жіберген 21 мыңнан астам бұзушылықты анықтады, оның ішінде 576 жүргізуші көлік құралдарын басқару кезінде смартфонды пайдаланған, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өтіп кеткен 800-ге жуық жүргізуші және маневр жасау ережелерін бұзған 260 жүргізуші анықталды.
Мас күйінде көлік жүргізу жауапкершілігінің күшеюіне қарамастан, көптеген жүргізушілер алкогольдік ішімдіктер мен есірткіні тұтынғаннан кейін көлік басқаруды жалғастыруда.
Жыл басынан бері көлік жүргізушілерінің кінәсінен алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде 3 ЖКО тіркелді.