Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер орманда адасқан ер адам тапты

Ақмолалық полицейлер орманда адасқан ер адам тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 сәуірде сағат 21:20 Зеренді полиция бөлімінің «102» пультіне Зеренді ауылының 60 жастағы тұрғыны қоңырау шалып, көмек сұрады. Ер адам жылқыларын іздеп үйден шығып, орманда адасып кеткен. Оны іздеуге Зеренді аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы бағыт алды.

Кейін анықталғандай, 5 сәуірде ауыл тұрғыны мал ауласын жинауға кірісті, жылқыларды далаға шығарды. Жинауды аяқтаған соң, зеренділік оларды таппай, іздеуге кетті. Алайда іздеу ұзаққа созылды және ол ну орманда жоғалып кетті. Ер адам орманда түнеуге мәжбүр болды. Осы уақыт ішінде Нұрлан Моряковичті 50-ден астам адам іздеді: полиция қызметкерлері, оның ішінде қызметтік-іздестіру иттері бар екі кинолог, құтқарушылар, қорықшылар, ер адамның туыстары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері. Түнде іздеу тоқтаған жоқ. Ер адамның телефоны желісі аймағынан тыс жерде болды, сондықтан онымен байланыс жоғалды.

Тек келесі күні, 6 сәуірде сағат 11:00 шамасында Зеренді ауылынан 5 км радиустағы орман алқаптарының бірінен ер адам табылды.

Ауыл тұрғыны қашып кеткен жылқыларды тапқан. Ал түнде ол от тұтатып, жылынды.

Қазір ақмолалықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Н. Шахметов оны іздеуге қатысқандардың барлығына алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру