Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе түрмесіндегі жазасын өтеушілер кітап көрмесін тамашалады

Ақтөбе түрмесіндегі жазасын өтеушілер кітап көрмесін тамашалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерге арнап кітап көрмесін ұйымдастырып, мекеменің кітапхана қорына 100 әдеби және тарихи жанрдағы кітаптарды сыйға тартты.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының 5 жылдығына орай ұйымдастырылған кітап көрмесінде «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы сериясымен жарық көрген әдебиеттер қойылып, аталған әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы С.Ж.Сұлтанаева барлық көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.

– Кітап көрмесінің мақсаты – түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеуші сотталғандар арасында мәдени ұлттық құндылықтарды сақтау, қорғау және Отансүйгіштікке насихаттау, – дейді ұйымдастырушылар.

Аталған кітап көрмесінен кейін С.Бәйішев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының негізгі қорды сақтау бөлімі КА-168/2 мекемесінің кітапхана қорына 100 әдеби және тарихи жанрдағы кітаптарды сыйға тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру