ШҚО полицейлері базардан жоғалған 5 жасар қызды тапты
ШҚО полицейлері базардан жоғалған 5 жасар қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 минут ішінде тәртіп сақшылары қызды ата-анасына қайтарды.
13 сәуірде “102” жедел арнасына Шемонаиха қаласының 41 жастағы тұрғыны жүгініп, полицейлерге оның қызы орталық базарда жоғалып кеткенін хабарлады. Шақыртуға дереу дең қойып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері келді.
Уақыт жоғалтпай Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің барлық қызметкерлері 5 жасар қызды іздестіруге бағытталды. Тәртіп сақшылары баланың барлық баратын жерлерін, көшелерді, үйлерді, аулаларды қарап шықты және Уба өзенінің жағасын аралап, тексерді.
30 минутта іздестіру іс-шаралары тоқтатылды, учаскелік инспектор Болат Мусин үйінің жанында тұрып жатқан көршілерінен қызды тапты. Сөйтсек, балапан құрбысын кезіктіріп, оның үйіне анам келісімін берді деп бірге кетіп қалған.
Кәмелетке толмаған баланы ата-аналарына тапсырғаннан кейін, учаскелік полиция инспекторлары олармен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Өз кезегінде қыздың ата-анасы Шемонаиха ауданының полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.