Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда бөтеннің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін ұрлаған күдікті ұсталды

Алматыда бөтеннің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 жастағы О.есімді азамат сондай “кәсіпкер” болып шықты. Ол – Қарағанды ​​облысынан келген, еш жерде жұмыс істемейді.

– Қаскөйдің Алматыға бір апта бұрын келгені анықталды. Ол қылмыстық жолмен күн көруді ұйғарды. Тұрғын ауданда, тұрғын үйлердің аулаларында бөтен көліктердің мемлекеттік тіркеу белгілерін шешіп алып, нөмір иесіне, көліктің алдыңғы әйнегіне  10 мың теңгеге “сатып алу” туралы ұсыныспен хат қалдырған. Біздің ауданда ғана күдіктінің осындай жеті ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ол осы эпизодтардағы кінәсін мойындайды. Бірақ, сонымен қатар, шаһардың басқа жерлерінде орын алған басқа да қылмыстарға қатыстылығы бар болуы мүмкін екендігі жоққа шығарылмайды, – деді Әуезов аудандық ПБ  жанындағы полиция бөлімінің бастығы Елнұр Құдретбаев.

Спикердің айтуынша, күдікті мұндай қылмысы үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Екі жолы да оған дұрыс сабақ болмаған сияқты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру