Жамбыл облысының ПД бастығы учаскелік полиция пункттерінің жұмысымен танысты
Жамбыл облысының ПД бастығы учаскелік полиция пункттерінің жұмысымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдары жүйесін реформалаудағы басты рөл учаскелік полиция инспекторларына жүктелгенін нақты атап өтті. Полицияның сервистік моделі бірінші кезекте тұрғындармен тығыз қарым-қатынас жасауды білдіреді.
Облыстың бас полицейі өзінің фейсбуктегі парақшасында М. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында орналасқан №17 және №15 шағын аудандағы 30 учаскелік полиция пункттеріне барғанын хабарлады.
ПД басшысы олардың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысып, қызметкерлердің қандай жағдайда жұмыс істейтінін көрді. Полиция пункттерінде бейнебақылау камералары орнатылған, қажетті компьютерлік техника бар. Күнделікті жұмысты жүргізу үшін барлық жағдай жасалған.
Учаскелік инспекторлар қылмыстық ахуал мен осы жылдың бірінші тоқсанында жүргізілген профилактикалық іс-шаралар туралы баяндады. Жалпы, нәтижелер жаман емес. ПД бастығы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті бұзуға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, ерікті көмекшілермен тығыз байланыс орнату бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.
– Өкінішке орай, мұндай жағдайлар барлық полиция пункттерінде жасалмағанын түсінемін. Сондықтан бірнеше апта бойы облыс орталығы мен аудандардағы қалған полиция пункттерінің жұмысымен танысуды жоспарлап отырмын, – деп атап өтті А. Баймурзин.
Бүгінде өңірде халық санының артуына байланысты учаскелік инспекторлар жетіспейді, бұл – учаскелік инспекторлардың штаттық санының шамамен 38%-ы. Бұл мәселені шешу үшін учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық деңгейде көтеру жұмыстары жүргізілуде.
Облыста 367 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Олардың 30-дан астамы өздеріне бекітілген аумақта тұрмайды. Бұл мәселе 2025 жылға дейін жол картасы аясында кезең-кезеңімен шешілуде.
А. Баймурзин полицияның имиджін және халықтың сенім деңгейін арттыру көбінесе учаскелік инспекторлардың жұмысына байланысты екендігін айтты. Өйткені олар азаматтармен тығыз байланыста жұмыс атқарады. Сондықтан олардың тиімді жұмыс істеуі үшін барлық жағдайды жасау өте маңызды.