Павлодарда зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған тергеу бөлмелер ашылды
Павлодарда зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған тергеу бөлмелер ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Павлодар қалалық әйелдер мен балаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» КММ базасында жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына кешенді көмек көрсету бойынша пилоттық сынақтан өткізу басталды. Қылмыстық істерді тергеу кезінде қажетті процедураларды жүргізу үшін арнайы кабинеттер құрылды.
Полиция бөлімдеріне көптеген азаматтар келеді, біреулері – құқық бұзушылықтардың, соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылықтардың құрбандары мен куәгерлері. Басқалары күдікті ретінде. Үшіншілері анықтама алу, қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін жүгінеді.
Айта кету керек, мұндай кабинеттерді құру – уақыт талабы. Өкінішке орай, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтар мен қылмыстар орын алуда. Балалар қылмыстың куәсі болған көптеген жағдайлар бар, мұндай жағдайларда кәмелетке толмағандардан жауап алу өте қиын. Бұл шаралар әлсіз балалар психикасына одан да көп зиян келтірмеу үшін қабылданды.
Осылайша, зорлық-зомбылық құрбандары полиция бөлімдеріне келмейді, көптеген адамдармен байланысқа түспейді.
– Жасалған меморандум шеңберінде зорлық-зомбылық құрбандарымен тергеу әрекеттері, сондай-ақ психологиялық жарақаттануды болдырмау мақсатында оларға бірыңғай медициналық, әлеуметтік, психологиялық, құқықтық көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Орталық жағдайындағы жұмыс қылмыстың мән-жайын дер кезінде анықтауға және ашуға, заттай айғақтар мен биоматериалдарды алуға, одан әрі сараптама тағайындауға септігін тигізеді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.