Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда дүкеннен қымбат аппарат пен арақ ұрлаған ер адам ұсталды

Мақтааралда дүкеннен қымбат аппарат пен арақ ұрлаған ер адам ұсталды – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келді. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның аудан орталығында орналасқан дүкеніне ұрлыққа түскен. Яғни, әйелдің дүкенінде тұрған құны 100 мың теңге болатын көлік жуатын аппараты мен 15 арағын жымқырып кеткен.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеді.

Мақтаарал АПБ-ның полицейлері ұрлыққа түскен ұрыны анықтау мақсатында оқиға орнын тексеріп, куәлардан жауап алды. Мұқият жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде, полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оны сол күні ұстады. Ол жергілікті тұрғын, орта жастағы ер адам болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру