Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыс етті

Ақмола полицейлері Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 сәуірде Ақмола облыстық Полиция департаментінің ақпараттық-насихат тобы Ақкөл ауданына барып қайтты. Ақмола полицейлері Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, халықпен кездесулер өткізуде.

ПД бастығының орынбасары Бақытжан Ералин бастаған Ақкөл ауданына сапар барысында ақмола полицейлері «Smart City» жобасы аясында Ақкөл қаласының цифрландыруымен танысты. «Ақылды қала» қызметкерлері ақкөлдіктердің өмірін жеңілдететін және полиция жұмысына көмектесетін озық цифрлық технологиялар туралы айтып берді. Ақкөлде 68 бейнебақылау камерасын орнату азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңа деңгейге шығарды. Ахуалдық орталықтың кезекшілері тәулік бойы мониторинг жүргізеді және бұзушылықтар анықталған жағдайда материалдар Ақкөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне хабарланады. Бейнебақылау камераларынан басқа, қалада ауаның ластану датчиктері орнатылған, олар қаладағы экологиялық жағдайды бақылауға көмектеседі. Сондай-ақ, Ақкөл тұрғындары деректерді қашықтан алатын электр энергиясы мен суды есепке алу құралдарын пайдаланады. Терроризмнен қорғану, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақкөл қаласының мектептерінде тұлғаларды тану функциясы бар бейнебақылау камералары орнатылған. Бөгде адамдар білім беру мекемелерінің аумағына байқаусыз өте алмайды.

«Ақылды» қаланың орталығында өткен дөңгелек үстел отырысына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жұртшылық, білім беру қызметкерлері мен полиция қызметкерлері қатысты. Диалог барысында кездесу қатысушылары кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, жас ұрпақты патриотизм рухында тәрбиелеудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ мемлекет басшысы жариялаған «Балалар жылы» аясында өткізілетін іс-шараларды талқылады.

Өз сөзінде Бақытжан Ералин өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі педагогтардың рөлін, оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары Ақкөл ауданының тұрғындары мен оқушылары үшін Полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырған концерттің құрметті қонақтары болды. Қоғам өкілдері, ішкі істер органдарының ардагерлері, қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлер департамент басшылығы атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды, қызметінде ерекшеленген қызметкерлердің ата-аналарына алғыс сөздері айтылды.

– Осындай тамаша мүмкіндікті және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жоғары деңгейде дайындаған концертін пайдалана отырып, Ақмола облысы Полиция департаментіне ұжымдық жұмысы, біздің тыныштығымыз, бейбіт көк аспанымыз үшін және біздің өскелең ұрпағымызды, балаларымызды тәрбиелеуге қатысты барлық мәселелерде жәрдем көрсеткені үшін үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді, – деп әсерімен бөлісті №1 Ақкөл орта мектебінің директоры Әсел Садықова.

Іс-сапар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 Балалар үйіне барумен аяқталды. Балалар үйінің директоры Ботагөз Қазбекова қонақтарға тәрбиеленушілер жайлы, олардың қызығушылықтары туралы айтып берді.

Айта кету керек, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар үшін мұнда оқу және өмір сүру үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Балаларға арналған үлкен спорт залы, мұз айдыны, спорт алаңдары, тренажер залы бар.

Бүгінгі таңда балалар үйінде 4 жастан 18 жасқа дейінгі 95 тәрбиеленуші тұрады. Ол 58 бейнебақылау камерасымен жабдықталған. Ботагөз Әбдірахманқызы өз тәрбиеленушілерінің жетістіктерін мақтан тұтады және жұмысындағы басты нәрсе – балаларға деген шексіз сүйіспеншілік екенін, балалардың адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінетінін атап айтады.

Полицейлер балалармен кездесіп, оларға «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамдастығы атынан сыйлықтар табыс етті. Б. Ералин полиция ведомствосының есігі олар үшін әрдайым ашық екенін атап өтті.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында полиция қызметкерлері 12 жылдан астам уақыт аудандық полиция бөлімін басқарған ішкі істер органдарының ардагері Алексей Григорьевич Береговойдың үйіне кіріп шықты. ПД бастығының орынбасары Б. Ералин Алексей Григорьевичке қызметкерлердің жас буынын тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін алғысын айтып, оған мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бақыт және амандық тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру