Өскемен тұрғыны 63 жасында алғашқы жеке куәлігін алды
Өскемен тұрғыны 63 жасында алғашқы жеке куәлігін алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көп жылдар бойы 63 жастағы ауыл тұрғыны КСРО паспортымен өмір сүріп келген, құжатын жоғалтып алып, қазақстандық жеке куәлік рәсімдей алмай жүрген.
Шығыс Қазақстан облысының көші-қон қызметінің қызметкерлері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды әлеуметке қосу үшін орталықпен бірлесіп, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұратын азаматтарды анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді.
Аталған орталықта жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 63 жастағы әйел бар. Туғаннан бастап Ұлан ауданы Таврия ауылында тұрып, жұмыс істеген. 90 жылдары ата-анасы қайтыс болғаннан кейін әйел Өскеменге көшіп, онда бір қыз тәрбиелеп өсіріп, жалдамалы пәтерлерде тұрған. Алайда ешқашан ресми түрде жұмысқа орналаспаған. Оның алған жалғыз құжаты – 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты болған, бірақ өкінішке орай оны жоғалып алған.
Көші-қон қызметінің және тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынына туу туралы куәлігін қалпына келтіріп, Қазақстан Республикасының азаматы екенін растау үшін қажетті анықтамаларды жинауға көмектесіп, одан әрі ҚР азаматының жеке куәлігіне ресімдеді. Енді әйел жасына байланысты зейнетақы рәсімдеп, денсаулық сақтау қызметтерін ала алады.