Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 100 жастағы әженің жеке куәлігін рәсімдеп берді

Түркістан облысының полицейлері 100 жастағы әженің жеке куәлігін рәсімдеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби АПБ-ның көші-қон қызметі бөліміне 100 жастағы әже жеке куәлігінің мерзімі өтіп кетуіне байланысты өтініш білдірді. Ақпарат алысымен көші-қон қызметкерлері шұғыл түрде кейуананың құжаттарын дайындауға кірісті.

Нәтижесінде, Төлеби АПБ-ның көші-қон қызметі тобының инспекторы Қуаныш Түймебеков Аққұм ауылының тұрғыны Ұлту Үстенованың үйіне барып, құжаттарын даярлау үшін тиісті шараларды атқарды. Бір ғасырдан астам ғұмыр кешкен әженің құжаттарын тез арада әзірлеп, дайын бола салысымен үйіне апарып берді.

Төлқұжатын тез арада әзірлеп берген тәртіп сақшыларына қарт әжей алғысын білдірді.

– Мен жеке куәлігімнің мерзімі өткенін айтып, өтініш білдірген едім. Полиция қызметкерлеріне үлкен рақмет. Олар мені еш жерге әурелемей, өздері үйге келіп, құжаттарымды қайта жаңартуға көмектесті. Жасымды сыйлады. Үлкенді құрметтей білген қазақ ұрпақтары жасай берсін, – деді қарт әже. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру