Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жол апатынан 14 жастағы жасөспірім зардап шекті 

Ақмолада жол апатынан 14 жастағы жасөспірім зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 сәуір Астрахан ауданы полиция бөліміне аудандық орталық аурухананың фельдшерінен Жамбыл ауылы маңындағы Екатеринбург-Алматы автожолының 1170 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Ақпарат бойынша BMW автокөлігінің жүргізушісі – 38 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Атбасар қаласы бағытында келе жатып, алдыңғы оң доңғалақтың герметизациясының нәтижесінде рөлге ие бола алмай, жыраға түсіп кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 14 жастағы жолаушы Астрахан аудандық ауруханасына жеткізілді. Көлік жүргізушісі сау күйде болған.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақмола полицейлері жүргізушілерді жолда абай болуға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жолға шығар алдында көлігіңіздің техникалық жарамдылығына көз жеткізу қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру