Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ТҚС механигі клиенттің көлігін бөлшектеп тастаған

Ақмола облысында ТҚС механигі клиенттің көлігін бөлшектеп тастаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 сәуірде Қосшы қаласының полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны өтінішімен жүгінді. Ер адамның айтуы бойынша, елді мекендегі техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде оған тиесілі Opel автокөлігі ТҚС қызметкерлерімен бөлшектенген. Көліктің дөңғалақтары, бүйірлі шынылар, БАҚ, кардан алынған. Шығын сомасы – 1,5 млн теңге.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері техникалық қызмет көрсету станциясының 41 жастағы механигін анықтады. Зардап шегуші көлікті 2019 жылдан бері жөндеуден әкетпегені анықталды.

Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі (Сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру