Ақмола колониясында сотталғандар арасында шахматтан жарыс өтті
Ақмола колониясында сотталғандар арасында шахматтан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты ЕЦ-166/11 мекемесінде шахматтан бір мезгілді ойын сеансы өтті. Степногорск қаласының Шахмат федерациясының төрағасы Рашид Ғалымжанов колонияның сотталған бес мықты шахматшысымен бір мезгілде ойнады.
Бұл турнир уақыт есебінің швейцарлық жүйесі бойынша өткізілді. Оның басқа жүйеден айырмашылығы ойын нәтижесіз өтеді. Әр турдың екінші кезеңінен бастап бірдей ұпай жинаған екі қатысушы бір-бірімен кездесетіндей іріктеледі. Осының арқасында турнирден ұпай жағынан сәйкес келмейтін қарсыластар арасындағы партиялар алынып тасталады. Бұл жеңімпаздарды анықтау үшін аз мөлшерде турлар жасауға мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыға әр қадам үшін бес секунд қосылып, партияға 20 минуттан берілді. Ойын қорытындысы бойынша жеңіске Рашид жетті, яғни есеп 4:5 болды. Гроссмейстер төрт ойында жеңіп, біреуін тең есеппен аяқтады.
Достық кездесу соңында Рашид Ғалымжанов дебют пен эндгейнде тактикалық тәсілдерді талдай отырып, найдорф нұсқасында сицилиялық қорғаудағы қара фигуралар жүйесін көрсетіп, мастер-класс өткізді