Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Банктік картамды тауып берді”: Петропавл тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді

Петропавл тұрғыны полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласында тұратын әйел сейсенбі күні банктік картасын жоғалтып алған. Біраз уақыттан соң белгісіз біреу оның картасымен облыс орталығындағы дүкендер мен жанар-жағармай станциясында төлем жасаған. Бұны ол ұялы телефонға келген хабарламалардан байқаған. 33 жастағы қала тұрғыны дереу “102” нөміріне қоңырау шалды. Петропавлдық полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, картаны қолданған адамды анықтады. Карта иесіне қайтарылды.

Оқиғаның сәтті аяқталғанына қуанған әйел полиция ведомствосының әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтына алғыс хат жолдады.

– Екінші полиция бөлімінің қызметкерлеріне картамды тауып, өзіме қысқа уақыт ішінде қайтарғаны үшін зор алғысымды білдіремін, – деп жазды қала тұрғыны хатында.

Жақында осындай жағдайға қаланың басқа тұрғыны тап болған. Ол банк картасын өз күшімен іздегенімен, бұл әрекетінен түк шықпапты. Қуанышқа орай, осы уақытта облыс орталығының тұрғыны Татьяна Третьяова картаның иесін барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып, іздеуге кіріскен. Көп ұзамай әлеуметтік желілер арқылы іздеп тауып, қолына табыс етті.

– Өз заттарыңызға жауапкершілікпен қарап, ұқыпты болу қажет. Өйткені ақшаңыз бөтен адамның қолына түсуі мүмкін. Картаңызды жоғалтқан жағдайда бірден оны бұғаттау керек немесе банкке жүгінген жөн, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру