Көлігіне жалған нөмір таққан павлодарлық жауапқа тартылды
Көлігіне жалған нөмір таққан павлодарлық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл басынан бері Павлодар облысында полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлікті басқарғаны үшін 54 жүргізушіні жауапқа тартты. Аталған бұзушылық үшін жаза ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімінде көзделген, бұл 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
– Мысалы, Павлодар қаласының Торговая көшесін патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері Mercedes автокөлігін тоқтатты, оның жүргізушісі көлігіне жалған нөмір белгілерін орнатқан. Жүргізуші ол нөмірді тауып алғанын айтты. 44 жастағы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді. Мемлекеттік нөмірлік белгісі алынды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.