Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Рудныйда көші-қон қызметі әйелге құқықтық мәртебесін заңдастыруға көмектесті

Рудныйда көші-қон қызметі әйелге құқықтық мәртебесін заңдастыруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Статистика бойынша сұранысқа ие қызметтердің бірі – Қазақстан Республикасының халқын, оның ішінде ҚР-на тұрақты тұруға оралған азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу болды.

Рудный қаласы ПБ көші-қон қызметінің аға инспекторы Қымбат Туткинаның айтуынша, жыл басынан бері бұл қызметті 2 мыңға жуық адам, оның ішінде елге оралған 9 азамат алған.

Олардың арасында 2019 жылы ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға шығуды рәсімдеген әйел де бар. Ресей Федерациясында шамамен бір жыл тұрып, 2020 жылы Рудный қаласына оралған. Енгізілген карантиндік шектеулерге байланысты ол уақытша тіркеуден өтті. Пандемияның екі жылында жағдай өзгерді және ол одан әрі тұрақты тұру үшін ҚР-да қалуға шешім қабылдады.

Осы санаттағы азаматтарды құжаттандыру ережелеріне сәйкес, Ресей Федерациясының азаматтығы жоқ екендігі туралы ақпарат беру керек, ал әйелдің аталмыш анықтаманы алу үшін келден шығу мүмкіндігі болмады.

Анықтаманы Ресей Федерациясының Нұр-Сұлтан қаласындағы елшілігі арқылы, сондай-ақ уәкілетті органның сұрауы арқылы алу белгісіз уақыт күту қажет болды.

Құқықтық мәртебе алу процесін тездету үшін Рудный қалалық ПБ көші-қон қызметінің аға инспекторы Қымбат Туткина әйелге Ресей Федерациясының Федералдық көші-қон қызметінің сайты арқылы анықтама алу мүмкіндігі туралы айтып берді.

Жауап бір апта ішінде келді, содан кейін тұрақты тіркеу және ҚР азаматының жеке куәлігін алуға өтінім ресімделді. Енді әйел тағы да ҚР-ның толыққанды азаматы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру