ШҚО тұрғыны полицияға үш бірлік қару тапсырды
ШҚО тұрғыны полицияға үш бірлік қару тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жақында Үржар аудандық полиция бөліміне 52 жастағы ер адам жүгініп, үш бірлік аңшылық қаруын өз еркімен тапсырды.
Ер адамның айтуынша, аталған қарулар 2021 жылы қайтыс болған марқұм көршісінен қалған. Қазіргі уақытта сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Естеріңізге сала кетсек, 25 сәуірден бастап (ерекше өкімге дейін) ШҚО аумағында халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция өтуде.
– Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы ер адамға қарулар үшін 230 мың теңгеден астам қаражат төлейтін болады. Осылайша, тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясының 10 күні ішінде азаматтардан 46 өтініш келіп түсті, 68 бірлік атыс қаруы (ойық – 11 және тегіс ұңғылы – 57) қабылданды, – деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.