Ақмолалық ер адам өз қызына 3 млн теңгеден астам ақша қарыз
Ақмолалық ер адам өз қызына 3 млн теңгеден астам ақша қарыз, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы ПД ЖПҚБ көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемеу мақсатында жасырынып жүрген адамдарды және борышкерлерді іздестіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Жалпы, жылдың басынан бері Ақмола облысында алимент бойынша іздестіріліп жатқан 44 борышкердің жартысынан астамының орналасқан жері анықталды.
30 сәуірде Көкшетау қалалық ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері облыс орталығының аумағында қасақана төлемеушілердің бірінің орналасқан жерін анықтады.
Бұған дейін Қарағанды облысының тұрғыны қалалық Полиция басқармасына өтініш жасап жүгінген болатын. Азаматша бұрынғы жұбайы Көкшетау қаласының 42 жастағы тұрғыны 15 жастағы қызын асырауға қаражат төлеу туралы сот шешімін орындамай жүргенін хабарлады.
Қарыз сомасы біршама жиналып, 3 млн 734 мың теңгені құрады.
Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 139-бабының 1-бөлігі (Балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.