Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жыл басынан бері 300-ге жуық мас жүргізушіні анықтады

Шымкенттік полицейлер жыл басынан бері 300-ге жуық мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері төрт ай ішінде медициналық куәландыру үшін қалалық наркологиялық диспансерге алкогольдік масаң күйдегі 284 жүргізушіні жеткізді. Өрескел бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөліктер айыптұраққа орналастырылды.

Мәселен, автожолдарды патрульдеу барысында тәртіп сақшылары сағат 16:00 шамасында Жаңақұрылыс көшесінде 48 жастағы жүргізуші мінген Nissan Primera автокөлігін тоқтатқан. Құжаттарды тексеру барысында полиция жүргізушінің оғаш мінез-құлқы мен көлік салонындағы алкогольдің иісін байқайды. Наркологиялық диспансерде сараптама нәтижесінде ер адамда алкогольдік масаңдықтың орташа дәрежесі анықталды. Іс жүзінде жиналған құжаттарды полиция қызметкерлері мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберді.

Айта кетейік, заңнамаға сәйкес бұл құқық бұзушылық 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

Мас жүргізушілер патрульдік көлікті байқап, жасырынуға тырысады. Мұндай оқиға екі апта бұрын болған. Түнгі сағат 3:00 шамасында Бейбітшілік көшесінде жүргізілген рейд жұмыстары барысында Chevrolet Nexiа автокөлігінің 32 жастағы жүргізушісі полицейлердің тоқтау туралы талабын елемей, жасырынуға тырысты. Патрульдік полиция полкі қызметкерлерінің автоэкипажы жылдамдықты асыра жүргізген жүргізушіні тоқтата алды. Анықталғандай, ол мас күйде көлік құралын басқарған. Ер адам тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру