Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау аулаларында полицейлердің орындауындағы соғыс жылдарының әндері шырқалды

Көкшетау аулаларында Ақмола полицейлерінің орындауындағы соғыс жылдарының әндері шырқалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 мамырда Көкшетау қаласының бірнеше аулаларында тыл еңбеккерлеріне, ішкі істер органдарының құрметті ардагерлеріне және ардагерлердің жесірлеріне арналған жеке концерттер өтті.

Барлығы жақсы көретін, халық әніне айналған, соғыс жылдарындағы әндерді мереке иелері мен барлық тілек білдірушілерге арнап погондардағы вокалисттер орындады. Бұл іс-шараны дәстүрлі деп санауға болады: бірнеше жылдар қатарынан өткізілуде, маңыздылығы да жыл сайын артып келеді.

Қазіргі кезде ақмолалық ардагерлер қатарында 4 ардагер-тыл еңбеккері мен ҰОС және ІІО ардагерлерінің жесірлері қалды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында полиция қызметкерлері олардың әрқайсысына көңіл бөліп, қамқорлық жасауға тырысты.

Бірінші кездесу Боровской 64 шағын ауданындағы үйдің ауласында өтті. Мұнда тыл еңбеккері, ұзақ жылдар ішкі істер органдары жүйесінде қызмет еткен, милиция/полиция қызметкерлерінің тұтас саңлақтарын тәрбиелеген құрметті ардагер милиция подполковнигі Жанбек Тілеубердин тұрады. Таңертеңнен бастап үйдің ауласында аты аңызға айналған әрі сөздері әрбір қазақстандыққа таныс “Темная ночь”, “Журавли”, “Синий платочек” және басқа да көптеген әндер шырқалды. Барлық ниет білдірушілер үшін полиция қызметкерлері ыңғайлы орындықтар ұйымдастырды.

Тыл еңбеккері Ж. Тілеубердинді ұлы мерекемен Полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Думан Таев құттықтады. Басшы ардагерге Жеңіс пен еңбектегі ерлігі, бейбіт аспан астында өмір сүріп, еңбек ету мүмкіндігіміз үшін зор алғысын білдірді.

Полицейлер сүйікті композицияларын орындап, осында отырған әйелдерді биге шақырды, ал концертті вокалдық ұжымның орындауындағы “Жеңіс күні” аты аңызға айналған әні аяқтады.

Салтанатты кездесу ардагердің үйінде жалғасты. Полиция полковнигі Д.Таев пен ПД Ардагерлер кеңесінің төрағасы Д. Жанбек Нұрғалиевке бағалы сыйлықтар мен жеміс себетін табыс етті.

Сол күні полицейлер Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагері С.Өтебаевтың жұбайы Сара апай тұратын үйдің ауласында жеке концерт өткізді. Денсаулығына байланысты ардагердің жесірі үйдің ауласына түсе алмады, бірақ пәтер терезесінен сүйікті әндерін тыңдады.
Сара апаймен әңгіме барысында Полиция департаментінің бастығы Д. Таев апайдың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қызығушылық танытып, ардагерлердің жесірлері әрқашан полиция қызметкерлерінің қолдауына сене алады деп сендірді.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында жеке концерттер тыл еңбеккерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері Ботан Оразбеков, Николай Митрофанов, Николай Сокирко, ардагерлердің жесірлері Зикен Жаркенова, Нағима Осипова, Ольга Гречухина және Ксения Тюменцева арналып ұйымдастырылды.

Өткізілген салтанатты іс-шаралар, шырқалған әндер арлагерлердің, сондай-ақ көкшетаулықтардың жанарларын жасқа толтырды. Шағын концерттер әрбір көрерменнің жүрегіннен орын алып, полиция қызметкерлерінің өнерлерін жоғары бағалап, бала кезінен таныс майдан әндерін бірге шырқады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру