Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері өртенген көлікті сөндірді

Ақмола полицейлері өртенген көлікті сөндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 мамырда сағат 18:00 шамасында Бурабай кентінің Кенесары көшесінде BMW көлігі өртенді. «Әскер 1» экипажы Бурабай АПБ патрульдік полициясы ротасы қызметінің инспекторлары Ерік Серәлі мен Мерей Асылқанов болып жатқан жағдайды көріп, шетелдік көліктің жүргізушісіне көмектесуге асықты.

Қызметтік автокөліктің ажырамас бөлігі болып саналатын өрт сөндіргішті пайдаланған полиция қызметкерлері өртті сөндірді. Тәртіп сақшыларының әрекеті әлеуметтік желілерден белгілі болды.

Оқиға орнынан видео Щучинск қаласының пабликтерінің бірінде жарияланды. Полицейлердің әрекеті Instagram қолданушылары арасында қызу талқыланды.

Шетелдік көліктің жүргізушісі, Щучинск қаласының тұрғыны полицейлерге алғысын білдіріп, оларға мықты денсаулық пен жұмыста табыс тіледі.

Айта кету керек, полицейлер қиын жағдайға тап болған адамдарға әрдайым көмек көрсетуге дайын. 2021 жылдың желтоқсан айында ер адамды құтқарғаны үшін Ерік Серәлі, суицид жасауға тырысқан қызды құтқарғаны үшін Мерей Асылқанов «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру