Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де бірқатар басшылық лауазымға үміткерлер қаралды

ІІМ-де облыстық полиция басшыларының орынбасарлары және елорданың аудандық полиция басшылары лауазымдарына үміткерлер қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

Арнайы жиында қатысушылар жаңа қызметтен үміттілердің жетістіктеріне тоқталып, олардың біліктіліктері мен кәсіби шеберліктерін талқылады.

Ведомство басшысы үміткерлердің әрқайсысымен сөйлесе отырып, ІІМ-нің нақты талаптарын, қызметкерлердің негізгі міндеттерін еске салды. Сондай-ақ әріптестерінің антқа адал болып, нәтижелі жұмыс көрсететініне сенім білдірді.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен:
– Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары лауазымына Сапар Бауыржан;
– Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымына Ерлан Жалмағамбет;
– Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Есіл” аудандық полиция басқармасының бастығы лауазымына Әлібек Қожахметов;
– Нұр-Сұлтан қаласы ПД “Байқоңыр” ауданының полиция басқармасының бастығы лауазымына Марат Абиров тағайындалды.

Айта кетейік, кадрлық тағайындаудың мұндай форматы Ішкі істер министрлігінде алғаш рет өткізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру