Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полиция тұрғындарды сан соқтырған алаяқты ұстады

Ақмола облысында полиция тұрғындарды сан соқтырған алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 16 сәуірінде Қосшы қаласының полиция бөліміне алаяқтық фактісі туралы Астана қаласының тұрғыны өтініш білдірді.

Елорда тұрғыны осы жылдың наурыз айында WhatsApp мессенджерінің жалпы үй тобында таныс емес әйел жиһаз және қымбат ыдыстарды төмен бағамен сату сылтауымен өзіне тиесілі 400 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатты иемденгенін айтты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады, ол бұрын ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 32 жастағы елордалық тұрғын болып шықты.

Полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта күдіктінің әрекетінен зардап шеккен тағы 32 адам полициядан көмек сұрады. Залалдың жалпы сомасы 62 млн теңгені құрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру