Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте полицейлер өзгенің көлігін айдап кеткен күдіктіні ұстады

Шымкентте полицейлер өзгенің көлігін айдап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үй ауласында тұрған Daewoo Nexia көлігін белгісіз тұлға заңсыз айдап кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі уақытта түсті. Иесінің айтуынша, ол темір тұлпарын бірнеше минутқа ғана қалдырып үйіне кіріп шыққан. 

Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмегімен автокөліктің жүру жолы анықталып, күдіктіні ұстауға патрульдік полиция экипаждарын бағытталды. Нәтижесінде көлік құралы заңды иесіне жарты сағат ішінде қайтарылды.
Аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары автокөлік ұрлығының алдын алу мақсатында мынадай қауіпсіздік шараларын ұсынады: көлікті ашық күйде және кілтімен қалдырмаңыз, түнде гараж немесе күзетілетін тұраққа қойыңыз, сондай-ақ көлікті ұрлыққа қарсы электрондық және механикалық құрылғылармен, GPS-пен жабдықтаңыз. Көлігіңіз ұрланған жағдайда тез арада жақын маңдағы полиция басқармасына немесе “102” арнасына хабарлаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру