ШҚО-да елік атқан браконьер 1,5 жылға сотталды
ШҚО-да елік атқан браконьер 1,5 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО аумағында елік атқан браконьер сот үкімімен бір жарым жылға сотталып, пробация есебіне алынды.
– Ол елік атып, мемлекетке 2,5 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірді. Осылайша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін алдағы бір жарым жыл бойы пробация бақылауында болады, – деді пробация бастығы Ермек Енсенов.
Жаза өтеу кезінде сотталған тарапынан құқық бұзушылық болған жоқ. Пробация қызметкерлері жазасын өтеушімен үнемі профилактикалық жұмыс жүргізуде.