Түркістан облысында ер адам көршісінің сиырын сойып, етін сатып жіберген
Түркістан облысында ер адам көршісінің сиырын сойып, етін сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның мал жайылымына өріске қосып жіберген сиыры үйіне келмеген.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды. Полицейлер мал ұрлығын ашу мақсатында оқиға орнына жедел жетті. Қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды.
Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті жәбірленушінің көршісі болып шықты. Тексеру барысында күдікті жас жігітке ақша керек болған, содан көршісінің сиырын жайылымнан жымқырып кеткен.
Одан соң күдікті өзінің тұрғын үйінің қорасында сиырды сойып, етін Түркістан қаласының базарына апарып, 150 мың теңгеге сатып жіберген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.