Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жылқы жол апатына себеп болды

Павлодар облысында жылқы жол апатына себеп болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар облысында иесіз малдың қатысуымен болған 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан бір адам қаза тапты, тағы біреуі жарақат алды.

– Жануарлардың жүріс бөлігінде, әсіресе, түнгі уақытта кенеттен пайда болуы жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін. Мәселен, 15 мамырда сағат 00:11 шамасында Ақсу қаласының кезекші бөліміне Ленин – Курчатов автожолында, Сырлықала ауылының маңында Hyundai Getz көлігінің жүргізушісі трассаға шауып шыққан жылқыны қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жылқы мерт болды. Жылқының иесі анықталды, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 2-бөлігі (Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік материал жасалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Тәртіп сақшылары мал иелерінен малды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Қаңғыбас мал – мал ұрлау үшін азғыру ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру