Кентаулық жігіт тұрғынның қалтасынан түскен ақшасын жымқырып кеткен
Кентаулық полицейлер тұрғынның қалтасынан түскен ақшасын жымқырып кеткен күдікті жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кентау қалалық полиция бөліміне орта жастағы ер адам арызданған. Оның айтуынша, қала ішіндегі дүкендердің бірінде өзіне бейтаныс азамат қалтасынан түскен 57 мың теңгесін алып қашқанын көрсеткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркеуге алды.
Оқиғаны естіген бойда полиция қызметкерлері көрсетілген мекенжайға тез арада келіп жетті. Күдіктіні анықтау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Содан жергілікті тұрғын, жас жігіт ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктіні сол мезетте қашып бара жатқан жерінен ұстап, айғақты зат ретінде ұрланған 57 мың теңгені тәркілеп алып, өз иесіне қайтарды.
Анықталғандай, жас жігіт жәбірленушінің масаң күйін пайдаланып, киімін шешкен кезінде қалтасынан түскен ақшасын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалайды. Сол кезде дүкенші ұрыны көріп қалып, айқайлаған. Осы уақытта тәжірибелі тәртіп сақшылары күдіктінің соңынан қуып, ұстап үлгерген.