Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында “Қорғау” бағдарламасымен 200-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысында “Қорғау” бағдарламасымен 200-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында мамыр айының бірінші аптасында іске қосылған “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” бағдарламасымен айыппұлдарын төлемей жүрген, жол ережесін өрескел бұзған жүргізушілер дер кезінде анықталуда.

Мәселен, полицейлер жаңа бағдарлама қосылғаннан бері жол ережесін бұзған 200-ге жуық автокөлікті анықтады. Оның ішінде жалған нөмірмен жүрген Toyota Land Cruiser көлігі мен айыппұлы үш млн теңгеге жуық 30-ға тарта автокөлік бар. Ал қалған жүргізушілер жол қозғалысы ережесіне қатысты түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылды. Барлық көліктер айыптұраққа жеткізілді.

Қолданысқа енгізілген бағдарламамен Түркістан ҚПБ патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық шараларды күнделікті атқаруда. Мысалы, күні кеше Б. Саттарханов пен Әмір Темір көшелерінің қиылысында тұрған полицейдің планшетіне Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығынан Б. Саттарханов көшесінде келе жатқан есепте жоқ ВАЗ 2104 ресейлік көлік туралы ақпарат келіп түсті. Полицей дабыл бойынша бірден әрекет етіп, көлікті тоқтатты. Құжаттарын тексеру кезінде ресейлік көліктің Ресей Федерациясы есебінен шығарылғаны анықталды.

Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылып, көлігі сол сәтте эвакуатордың көмегімен айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру