Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер мектеп автобустарын тексерді

Павлодарлық полицейлер мектеп автобустарын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Павлодар облысының аумағында “Назар аударыңыз, балалар!” акциясы өткізілуде. Акция аясында павлодарлық полицейлер мектеп автобустарына тексеру жүргізді.

– Балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды міндеттердің бірі. Тексеру барысында мектеп автобустарының сәйкестігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін автобустардың бағыттары зерттелді, жүргізушілерде әкімшілік айыппұлдардың бар-жоғы тексерілді, – деді Павлодар облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.

Тәртіп сақшысы өрт сөндіру және алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарының болуы, автобустың жарқылдауық маяктарының, дыбыс және шегіну кезіндегі жарық сигналдарының жұмысқа қабілеттілігі тексерілгенін атап өтті. Әр бала үшін қауіпсіздік белдіктерінің болуы мен олардың жарамдылығына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, полицейлер жүргізушілермен жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау, соның ішінде балаларды мектеп автобустарына отырғызып-түсіру және оларды тасымалдау кезінде балаларды ұстайтын бекіту құрылғыларын міндетті түрде пайдалану туралы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Анықталған кемшіліктер бойынша “Павлодар ауданының білім бөлімі” ММ басшысының атына мектеп автобустарын қолданыстағы нормативтерге сәйкестендіру туралы нұсқама берілді. Жүргізушілер мен жауапты лауазымды тұлғаларға жадынамалар берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру