Ақмолалық тұрғын астық тиегішті жөндеу үстінде жамбас жарақатын алды
Ақмолалық тұрғын астық тиегішті жөндеу үстінде жамбас жарақатын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 мамырда Зеренді полиция бөліміне аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жақын маңдағы ауылдардың бірінің 61 жастағы тұрғыны «сол жақ санның үштен бір бөлігінің жабық сынуы» диагнозымен түскені туралы телефон хабарламасы келіп түсті.
Зардап шегушінің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің жұмыс орнында жарақат алғаны алдын ала анықталды.
Механизатордың айтуынша, астық тиегіштің қозғалтқышы қозғалыс кезінде тоқтап қалған, оны жөндеу барысында ер адам көлік құралының алдында болған. Ақаулықтарды жойғаннан кейін ол жүргізуші орнына отыруға үлгермей, жүк тиегіш алға жылжып кеткен.
Зеренді аудандық полиция бөлімі аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 156-бабының 1-бөлігі (Еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, мемлекеттік еңбек инспекторының қорытындысы жүргізілуде.