Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған ауыл тұрғыны ұсталды

Қызылорда облысында заңсыз балық аулаған ауыл тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы көлемінде «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Шара барысында Қызылорда облысы ПД-ның Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 22 мамыр күні қызмет атқару кезінде Жаңатұрмыс ауылының тас жолында аудан тұрғыны басқаруындағы Нива автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан резеңке қайығы, аккумулятор, тоқ ұрғыш құралы, қапқа салынған балық алынып, сот-сараптама тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігі 2-тармақшасымен (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру