Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жұбайын ұрып-соққан мас отағасы жауапқа тартылды

Павлодарда жұбайын ұрып-соққан мас отағасы жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 мамыр күні түстен кейін бір әйел полицияға қоңырау шалып, Бектұров көшесіндегі үйдің жанында мас ер адам жүргенін айтты. Ол келеңсіздіктің алдын алып, ойнап жүрген балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияға көмекке жүгінген. Полиция бірнеше минуттан кейін келді. Шөлмегін қолтығына қысқан ер адам аулада шайқатылып жүрген жерінен ұсталды.

– Оны уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді, онда медициналық куәландыру алкогольдік масаңдықты растады. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша павлодарлық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бақытымызға орай, бұл жағдайда оқыс оқиға болған жоқ, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Басқа жағдайда, масайған отағасынан жұбайы мен балалары зардап шекті. Гагарин көшесінің тұрғыны 102 операторына күйеуі үйге мас болып оралып, ұрып-соғып, балаларды қорқытқанын айтты. Отбасылық жанжалқор тек полиция қызметкерлерін көргенде ғана тынышталды. Онымен әңгімелесу жүргізілді, сондай-ақ ол ӘҚБтК-нің 73-1-бабы (Жала жабу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сол күні Чокин көшесінің тұрғындарынан «кіреберістің жанында мас әйелдер ұрысып жатыр, олар төбелесіп кететін сияқты» деген мазмұндағы хабарлама түсті. Полицейлердің дереу жетуіне байланысты, төбелеске жол берілмеді. Қоғамдық тәртіпті бұзушылардың мас екендігі расталды, олар алкогольдік ішімдіктерді ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру