Семейлік жігіт тұрғынның телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, қашып кеткен
Семейлік жігіт тұрғынның телефонын қоңырау шалу үшін сұрап алып, қашып кеткен – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәуір айының соңында сағат 17:00 шамасында Семей қаласы ПБ орталық полиция бөліміне Семей қаласының 39 жастағы тұрғыны хабарласып, оның телефонын бейтаныс адам ұрлап кеткенін айтқан.
Жәбірленушінің айтуынша, оған белгісіз жас жігіт көшеде жақындап келіп, өзінің телефонының қуаты таусылып қалғандықтан, қоңырау шалу үшін телефонын сұрап алған. Алайда бейтаныс жігіт телефонды алысымен қаша жөнелген. Шығын сомасы 300 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 21 жастағы жігітті «ізін суытпай» ұстап, полиция бөліміне жеткізген. Ұрланған зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.