Бұрын сотты болған ер адам Риддер тұрғындарынан ақша бопсалаған
Бұрын сотты болған ер адам Риддер тұрғындарынан ақша бопсалаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО-да 24 жастағы ер адам тұрғындарды қорқытып, ақша бопсалаған.
Сәуір айының соңында Риддер қаласы ПБ полиция қызметкерлері осыған дейін ұқсас әрекеті үшін бұрын сотталған 24 жастағы жергілікті тұрғынның бопсалау фактісін әшкереледі.
Полицейлер күдікті өз автокөлігінің салонында өткен жылдың маусым айының соңында бейтаныс 20-21 жастағы екі қала тұрғындарынан 300 мың теңге сомасында ақша қаражатын бопсалаған. Өмірі мен денсаулығы үшін қорыққан жәбірленушінің бірі оған 100 мың теңгесін қолына ұстатқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 1-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы төрт жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат бұлтартпау шарасы таңдалды.