Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар ауылында жыл басынан бері 642 бас мал айыппұл тұрағына қамалды

Павлодар ауылында жыл басынан бері 642 бас мал айыппұл тұрағына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысының аудандарында иесіз мал жаю мәселесі өзекті болып қалуда. Жануарлардың иелері бұған өте жауапсыз қарайды. Шынында мұндай жағдайдың салдарынан жол-көлік оқиғалары жиі орын алады, көбінесе сәтсіз аяқталады. Сондай-ақ, мал қаскүнемдердің қылмыстық ниетінің объектісіне айналады.

Мысалы, 25 мамырда Ертіс ауданы Ұзынсу ауылының маңында 25 бас ірі қара мал жайылып жүрген. Учаскелік полиция инспекторы мал иесін анықтады, ол 54 жастағы аудан тұрғыны болып шықты. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, оған сәйкес 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

– Сол күні Ертіс ауданы Қарақұдық ауылының учаскелік полиция инспекторы 50 бас малды ІҚМ айыппұл тұрағына қамады, олар қараусыз жүріп, автокөліктердің қозғалысына кедергі келтірді. Иесіне қатысты ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Әрбір мал иесімен осындай бұзушылықтарға жол бермеу бойынша әңгіме жүргізілді, – деп хабарлады Ертіс ауданының жергілікті полиция қызметінің бастығы Сұңғат Әбенов.

Тек жыл басынан бері Ертіс ауданында иесіз қалған 642 бас мал айыппұл тұрағына қамалып, 52 мал иесі жауапкершілікке тартылды. Полицейлер ауыл шаруашылығы жануарларын өсірумен айналысатын азаматтарға мүлікті сақтау бойынша қажетті шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру