Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ұрлықты кәсіп еткен күдікті ұсталды

Шымкентте ұрлықты кәсіп еткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұрлықты кәсіп еткен азамат қалада шағынаудандардағы жер үйлерге заңсыз кіріп, ауладағы қазан-ошақ, велосипед, кір жуғыш машина, жылытқыш қазандық секілді тұрмыстық заттарды қолды етіп отырған.

Нақтырақ айтсақ, Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын 102 арнасы арқылы арызданған. Айтуынша, үйіне белгісіз адамдар заңсыз кіріп, тұрмыстық заттарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 277 мың теңгені құраған.

Тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеуге алған. Жедел-іздестіру шаралары барысында дәл осы мазмұндас тағы жергілікті төрт азамат шағымданған. Тергеу жұмыстары барысында куәлерден жауап алынып, сұрастыру жұмыстары жүргізіліп, үйлерге орнатылған камералар жіті қаралған. Сондай-ақ, қаладағы заттарды сатуы мүмкін деген болжаммен темір өткізу орындары тексерілді.

Нәтижесінде, азамат қала аумағынан ұсталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Ер адам өз ісін толық мойындады. Анықталғандай, азамат заттарды үйлерде адам жоқтығын пайдаланып немесе түнгі уақыттарда ұрлыққа түсіп, қолды болған дүниені сатып, ақшасын өз қажетіне жұмсап отырған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру