ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбаны Қайым Мұхамедхановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
ШҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбаны Қайым Мұхамедхановтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ШҚО-да қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында ғылым жолында қуғын-сүргін көрген, өз елінің тарихы мен зиялыларын дәріптегені үшін ыстық және суық камера, тырнақ астына ине жүгірту, басқа су тамызу, моральдық қысым және өлім жазасымен қорқыту сынды шектен шыққан азаптауларды басынан кешірсе де, ерік-жігері сынбаған қазақ зиялысы Қайым Мұхамедхановты еске алып, оның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ескерткіш жанында қызметкерлер Қайымның, оның әкесі Мұхамедхан мен осы үйдің жиі қонақтары, қазақ зиялылары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхамеджан Тынышбаев, Халел Ғаббасов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ыдырыс Мустамбаев, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақовтардың өмір жолдары туралы өздері білетін ақпараттарымен бөлісті.
– Әкесінің қазақ мәдениетінің қайраткерлерін қалыптастыру жолында қуғын-сүргін көріп, бірнеше рет тұтқындалғанын, соңынан «Кеңес үкіметіне қарсы үгіт жүргізген» деген айыппен аты шулы 58-баппен атылып өлтірілгені – Қайымды елінің тарихы мен әдебиетін мұра етіп қалдыру үшін алысып, еңбек етуден бас тарттыра алмады. Әкесінің өлімінен кейін өзі де Абай шығармасын ғылыми зерттегені үшін тұтқындалып, Қарағанды лагерінде ұсталып, Сталиннің өлімінен кейін ғана бостандыққа шыққан асыл қаламды қайраткердің біздерге қалдырған асыл мұрасы қазіргі уақытта біздің ел екендігіміздің дәлелі екендігі сөзсіз, – деп өз ойымен бөлісті ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/14 тәрбие бөлім бастығы Руслан Қамажанов.