Ақмола полицейлері хабар-ошарсыз жоғалған жасөспірімді Петропавлдан тапты
Ақмола полицейлері хабар-ошарсыз жоғалған жасөспірімді Петропавлдан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусымда Көкшетау қаласының жедел уәкілдері Көкшетау қаласының хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы тұрғынының орналасқан жерін Солтүстік Қазақстан облысының аумағынан анықтады.
1 маусымда Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны оның 15 жастағы баласы күндіз үйден шығып, оралмағанын хабарлады. Жасөспірім үйден кетер алдында жанжал болмаған, үйден кетудің себебі отбасы мен туыстарына белгісіз болған. Жасөспірім бұған дейін үйден бірнеше рет кеткен.
Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полицейлер жасөспірімнің Солтүстік Қазақстан облысына InDriver таксиімен кетіп бара жатқанын анықтады. Тәртіп сақшылары дереу жүргізушімен радиобайланыс арқылы байланысқа шығып, кәмелетке толмаған бала үшін жауапкершілік туралы ескертті, бірақ Петропавлға келген бойда жасөспірім жүргізушінің айтуынша, байқаусызда көліктен шығып кеткен.
Алдын ала сауалнамаға сәйкес, кәмелетке толмаған бала бірнеше күн бойы Петропавл қаласы бойынша қыдырып жүрген, ал бөтен қаладан азық-түлік сатып алу үшін телефонын сатқан. Жасөспірім қамыста түнеген. Үйден кету себебін түсіндіре алмады, тек мерзімді эмоцияларға беріліп, кейде ата-ананың қарауынсыз жүруді қалайтынын айтты. Қазіргі уақытта бала туыстарына табысталды. Ата-аналармен және жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізілді.