Түркістан облысының полицейлері 1,5 млн теңгенің жылу батареяларын ұрлаған күдіктілерді анықтады
Түркістан облысының полицейлері 1,5 млн теңгенің жылу батареяларын ұрлаған күдіктілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазығұрт аудандық полиция бөліміне ер адам арызданып, өзіне тиесілі ғимаратта тұрған 330 жылу батареяларын, құрылысқа қажетті заттарын белгісіз біреу ұрлап кеткенін жеткізді. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 1,5 млн теңгеге жуық.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.
Ақпаратты алған бойда тәртіп сақшылары оқиға орнына жетті. Қылмысты ашу үшін сұрастыру жұмыстарын жүргізіп, бейнебақылау камераларын қарап шықты. Нәтижесінде, ұрлық жасаған үш ер адамның екеуі ұсталып, соңғысына іздеу жарияланды. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалған екеуі Нұр-Сұлтан қаласы мен Сарыағаш ауданының тұрғындары. Сондай-ақ, күдікті өзбекстандық бұрын сотты болған. Қазіргі таңда ұсталған екі күдікті қамауда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Анықталғандай, таныс үш ер адам түнгі уақытта ғимаратқа кіріп, құрылысқа қажетті заттарды ұрлап, сатып, ақшасын жаратып жіберген.